Сот Әбілязовқа тікелей эфирде сұрақ қойған Қарабұлақ ауылының тұрғынын соттады

Жібек Бостанбекова Instagram-да сұрақ қойған


21/07/2023
14:59 16278 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Азаттық радиосының мәліметінше, Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының соты Жібек Бостанбекованы «тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты» (Қылмыстық кодекстің 405–бабы 2-бөлімі) деп бас бостандығын бір жылға шектеді. Бұған Бостанбекованың былтыр кезектен тыс президент сайлауы алдында ҚДТ қозғалысының жетекшісі, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтың Instagram-парақшасындағы тікелей эфирге қосылып, сұрақ қойғаны түрткі болған. 

 

Ауыл тұрғыны өзінің іс-әрекетін «экстремизм» деп санамайтынын айтты. Жібек Бостанбекованың сөзінше, ол бұған дейін Әблязовтың митингілеріне қатыспаған, белсенді болмаған.

 

Құқық қорғаушылар істің «саяси астары бар» дейді. Бостанбекова сот шешіміне қарсы шағым беретінін айтты.

Поделиться

Нет комментариев.

21/07/2023 14:59
16278 0

Уведомление